"Бақытты балалық шақ" атты жазғы лагерь
2018-2019 жылдың 1 -28 маусым аралығында Сарыадыр негізгі мектебінің жаңында "Бақытты балалық шақ" атты жазғы лагері ұйымдастырылды.Мектеп директоры Кошанова А.Б. жазғы сауықтыру демалысын жасауға барлық жағдай жасады.Балалардың демалысын мен бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі тәрбие жұмысының жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Жазғы демалыс лагері күндізгі ауысымда болды.Лагерь жұмыс режимі бойынша жұмыс жасады.
1 маусым күні лагерьдің ашылу салтанаты мен балалар құқығын қорғау күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мектеп директоры барлық балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға жақсы дем алуларына сәттілік тіледі.
Просмотров: 427
Комментарии