"Мектепке жол" дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2018 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында "Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!" ұранымен өткізілді. Сарыадыр негізгі мектебінде осы ауқымды іс - шараға байланысты мектеп директоры Кошанова Акзауреш Болатовна басқарған ұжымды еңбек етіп, балалардың санасына білім нәрін сеуіп жүрген ұстаздар, әлеуметтік ұстаз Жангуттинов Адильбай Алпысбаевич арнайы кеңес өткізіп, іс - шаралар жоспарын белгіледі. Мектеп әкімшілігінен акцияны ұйымдастырып, өткізу үшін арнайы комиссия құрылды. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыруда. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, мектеп ішінде "Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!" бұрыштар құрылды. Тамыз айының басынан бастап, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балаларды анықтау бойынша рейд өткізілді. Рейд барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды. Осы рейдке байланысты көше бойы - үй - үйді аралау негізінде мектеп ұжымынан бастап көше бойы оқушыларды қадағалау және бақылау мұғалімдерге жүктелді. Мектеп мұғалімдері бұл акцияға қол жетімді көмек көрсетті. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Еликпаева Данагуль Даулыбаевна, бастауыш сынып мұғалімі Дюселекова Эльмира Токсанбаевна аз қамтылған және көп балалы отбасывларының оқушыларын оқу құралдарын алып беріп, демеушілік жасады.