Ұлы отан Соғысының 72 жылдық тойын мерекелеу аясында "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!" деген тақырыпта біздің мектебімізде 2017 жылдың 09 мамырында мереклеік іс - шара өткізілді. Мерекелік іс - шара алдын - ала жоспарланды Хабарландыру ілініп , тыл ардагерлеріне, аулдың үлкен сыйлы қарияларына арнайы шақыру қағазы таратылды. Ұлы Отан соғысынан қайтпаған боздақтарды еске алу рәсімімен іс - шара ашылды, ескерткіштерге мектеп түлектері гүл шоғын қойды. Бастапқы сөз кезегі мектеп директоры Кошанова Ақзауреш Болатқызына берілді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Еликпаева Данагүл Даулыбайқызы және аға тәлімгер Бегалин Ренат Кенжеболатұлының басшылығымен ұйымдастырылып, өткізілген мерекелік концертті мектеп оқушылары өздерінің патриоттық ән - жырларымен, монтаждарымен, сахналық көріністерімен, әдемі де, тартымды билерімен жандандырып, әсерлей түсті. олардың бейнелерін бастарына киген көк пилотка және кеуделеріне таққан төс белгілері ажарларын аша түсті. Әр бір қойылған, орындалған номерге қонақтарға тәнті болып, шапалақтап, мадақ сөздерін шын ниеттерімен айтып отырды. Мерекеге әр берген сәт ол - ардагерлердің, соғыстан қайтпай қалған азаматтардың, ұрпақтарының арнайы келуі болды. Оларда мектеп әкімшілігін, ауыл тұрғындарын Ұлы Жеңістің 72 - жылдығымен құттықтап, рухатрына дұға бағыштады. Мерекелік іс - шара жоғары деңгейде, ойдағыдай өтті.