Меню KDT

Жаңалықтар
 

Терроризмге мен экстремизмге жол жоқ

Қазіргі заманғы қауіп - қатерлердің ең бастысы - халықаралық лаңкестік пен діни экстемизм. Діни экстремиз  мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Сарыадыр негізгі мектебінің әкімшілігі басшылығымен 6-9 сыныптар арасында діни экстремизмді алдын - алу бойынша әңгімелер, баяндамалар, сынып сағаттары өткізіліп тұрады. Іс - шараларда әр - түрлі жағдайларда оқушылар өздерін қалай ұстану керектігі қарастырылады. Бұл іс - шараларда экстремиз мен терроризм туралы оқушыларға қысқаша мағұлмат беріледі. Террориз мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін ештеңеден тайсалмайды. Биліті орнынан кетіріп дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Экстремизм деген орталықтан ауытқы, тәртіпке бағыну, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіретіндігін оқушыларға түсіндіріп өту. Сонымен қатар мектепте экстремизм мен терроризмге қарсы мақсатында іс - шаралар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ сынып жетекшілері, ата - аналармен кездесуде экстремизм мен оны алдын  алу жолдарын талдап, пікір алмасты. Мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі Тюлегенов Азамат Мұратұлы - сынып оқушыларымен "Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер", "Діншілдік бағыттағы экстремистік және лаңкестік (террористік) ұйымдар" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар 7,8,9 сынып оқушылары арасында "Жастар арасындағы терроризмді алдын алу" тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Қорыта келгенде елімізге ең маңызды - бейбітшілік және тыныштық керек екенін айтқым келеді. Әрбір азаматтың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрқашан дайын болуымыз керек.  


Просмотров: 626

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

Статистика

  • Осы айда10
  • Осы аптада3
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки