Директор блогы
Мен Дюселекова Эльмира Токсанбаевна ұстаздық жолымды 1998 жылы бастауыш сынып мұғалімі ретінде Гаврилов орта мектебінде бастадым. Бұл мектепте 6 жыл қызмет еттім. 2004 жылы Сарыадыр негізгі мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналастым. 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап оқу және тәрбие жұмысының орынбасары болып, 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап педагог - психолог, 2015 оқу жылында мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі, 2017 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі.2019 оқу жылының желтоқсан айынан бастап директор болып тағайындалдым. Жалпы еңбек өтілім 22 жыл, директорлық лауазымдағы еңбек өтілім 1 жыл. Білімім - жоғары. 2005 жылы Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетінің Көкшетау мемлекеттік университетінің "Педагогика және психология" мамандығын тәмамдап, 2015 жылы Ш.Уалихано атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамндығы бойынша жоғарғы білім алдым. Қазіргі уақытта мектеп директоры қызметін атқарумен қатар, бастауыш буында сабақ беремін. Білім беру ұйымдарының Еңбек Заңын, мектептің ішкі тәртіп ережесін, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асыруды мақсат етудемін. Сонымен қатар оқушыларға сапалы білім беруді басты мақсат ете қоя отырып, оны үнемі іс тәжірибеде көрсету. Сондай - ақ оқушылармен де және ата - аналар қауымымен үнемі тығыз байланыста болу, әрі жақсы қарым қатынасты орнату.
2018 ж - "Филолог" атты Халықаралық қашықтық олипиадада ІІ - орын, диплом.
2018 ж - "Филолог" атты Халықаралық олимпиададан математика пәнінен жеңімпаздарды дайындағаны үшін, диплом.
2018 ж - Республикалық қашықтық олимпиадасы, математика пәні, сертификат.
2008 ж - АББ Құрмет мадақтамасы "Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін"
2016 ж - Құрмет грамотасы "Сала қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысы және білім жүйесіндегі адал еңбегі үшін"
2017 ж - Алғыс хат "Ауылдық мектептерде "Биоақпарттану және синергетика" жобасының технологияларын еңгізуі мен сапаны басқаруында белсенді қатысқаны үшін."
Дұрыс тамақтану
Сарыадыр негізгі мектебінің аға тәлімгері Жангуттинова Анар Жанарбековна 1-9 сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырылып, дұрыс тамақтану туралы түсініктер айтылды.Балалар адамның ағзасына пайдалы мен зиян тағамдардың түрлерін атап шықты. Сонымен қатар оқушыларға "Дастархан барысында сақталатын ырым- тыйымдар" мен тамақтану ережелері туралы түсініктер берілді.