Меню KDT

  

Қарттарым – асыл қазынам.
Қарт адамдарды қолдау бойынша айлық аясындағы мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Қарттар күні – жарқын да, ізгі, ерекше мейрам. Бұл күні біз ата – анамызға, ата – әжелерімізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Мейрамды атап өту – қазіргі қоғамдағы аға буынның көптеген мәселелеріне, олардың кейбіреулеріне материалдық және моральдық қолдау көрсетуге назар аудартуға септігін тигізеді. Біздің елімізде, осы күнді атап өтудің ерекше дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын мектебімізде іс – шаралар өтуде. Сонымен қатар 22 қазанда Сарыадыр негізгі мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам!» атты айлық іс-шара өткізілді. Бұл іс – шараға ауыл тұрғындарының қарт аталары мен әжелері шақырылды. Мерекелік іс – шараға оқушылар ән айтып, би билеп қарттарымызға мерекелік көңіл- күй сыйлады.Сонымен қатар әжелер арасында сайыс өтті. Бұл сайыс негізінен 2 бөлімнен тұрды.

1. Әжелермен тақырып бойынша ой бөлісу.

2. Тақырып бойынша мақал – мәтел құру.

Қарт аталар арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Сайыс кезінде орын алған аталар мен әжелерге қошемет көрсетіліп, құттықтау тілектері айтылды. Қарт аталар мен әжелеремізге мерекелік дастархан жайылды.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

 
 

 
Новости    
 Сарыадыр негізгі мектебінде 7 мамыр күні  «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акция өткізілді.Бұл  акция ескерткіш алаңында  өтті. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балалар  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
       «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акциямызға Рузаев аграрлық техникалық колледжі мен Рузай орта мектебінен ұстаздары мен  оқушылары келіп,өз мерекелік бағдарламаларын таныстырып көптеген соғыс туралы ән айтып,өлең оқып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарамызға арнайы келген қонағымыз Рузаев аграрлық техникалық колледжінің директоры Мунько Сергей Василевич құттықтау сөз сөйледі.
  Рузай орта мектебінің директоры Когтева Лариса Владимировна да  құттықтау сөз сөйледі.Ауыл тұғындарымен қарт адамдары келіп өздерінің игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.Бұл акция жоспар бойынша ойдағыдай өткізіліп, ауыл тұрғындарының ризашылығына ие болды.

 

"Қауіпсіз демалыс" ата-аналар жиналысы.

КММ «Сарыадыр бастауыш мектебі»
2021-2022 оқу жылы
      30 желтоқсан күні Сарыадыр бастауыш мектебінде «Қауіпсіз демалыс» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты:
     • Баланы қауіп қатерден қорғау.
     • Балаға қауіп қатерден сақтану жолдарын түсіндіру.
     • Қауіпті жерлерге бармауды ескерту.
     • Бала қауіпсіздігін басты назарда ұстау.
      Демалыс кезінде балалардың демалысын қамтамасыз ету үшін, оқушылар мен ата-аналар техника қауіпсіздігін қатаң түрде бақылап, орындауы қажет. Денсаулыққа зиян келтіретін жағдайларды болдырмау мақсатында өрттен сақтану, көшеде жүру, мұзға, қар қалың жерге бармау ережелерін қатаң сақтап, ересек адамдарсыз ауылдан тыс жерлерге шығуға тыйым салыну керек.
      Сонымен қатар әрбір ата- ана балалардың есіне оларға не істеу керектігін, нелерден сақтану керектігін үнемі естеріне салып отыруы керек. Тыйым салынған жағдайларды болдырмауға тырысу қажет.


Просмотров: 333

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц8
  • За неделю3
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки