Меню KDT

  

Қарттарым – асыл қазынам.
Қарт адамдарды қолдау бойынша айлық аясындағы мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Қарттар күні – жарқын да, ізгі, ерекше мейрам. Бұл күні біз ата – анамызға, ата – әжелерімізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Мейрамды атап өту – қазіргі қоғамдағы аға буынның көптеген мәселелеріне, олардың кейбіреулеріне материалдық және моральдық қолдау көрсетуге назар аудартуға септігін тигізеді. Біздің елімізде, осы күнді атап өтудің ерекше дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын мектебімізде іс – шаралар өтуде. Сонымен қатар 22 қазанда Сарыадыр негізгі мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам!» атты айлық іс-шара өткізілді. Бұл іс – шараға ауыл тұрғындарының қарт аталары мен әжелері шақырылды. Мерекелік іс – шараға оқушылар ән айтып, би билеп қарттарымызға мерекелік көңіл- күй сыйлады.Сонымен қатар әжелер арасында сайыс өтті. Бұл сайыс негізінен 2 бөлімнен тұрды.

1. Әжелермен тақырып бойынша ой бөлісу.

2. Тақырып бойынша мақал – мәтел құру.

Қарт аталар арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Сайыс кезінде орын алған аталар мен әжелерге қошемет көрсетіліп, құттықтау тілектері айтылды. Қарт аталар мен әжелеремізге мерекелік дастархан жайылды.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

 
 

 
Новости    
 Сарыадыр негізгі мектебінде 7 мамыр күні  «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акция өткізілді.Бұл  акция ескерткіш алаңында  өтті. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балалар  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
       «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акциямызға Рузаев аграрлық техникалық колледжі мен Рузай орта мектебінен ұстаздары мен  оқушылары келіп,өз мерекелік бағдарламаларын таныстырып көптеген соғыс туралы ән айтып,өлең оқып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарамызға арнайы келген қонағымыз Рузаев аграрлық техникалық колледжінің директоры Мунько Сергей Василевич құттықтау сөз сөйледі.
  Рузай орта мектебінің директоры Когтева Лариса Владимировна да  құттықтау сөз сөйледі.Ауыл тұғындарымен қарт адамдары келіп өздерінің игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.Бұл акция жоспар бойынша ойдағыдай өткізіліп, ауыл тұрғындарының ризашылығына ие болды.

 

Халықаралық қарттар күні "Қарттарын қадірленген ел ардақты"

1 ші -қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде қазыналы қарттарды мерекемен құттықтау мақсатында Қарттарын қадірлеген ел ардақты мерекелік іс-шара өткізілді.Мектеп бойынша іс-шара жоспары жасаланып, төмендегідей іс-шаралар атқарылды. 
Өтілген іс-шаралар мақсаты: Оқушы бойына ұлттың қадыр-қасиетін, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету  керектігін түсіндіру. Мерекелік іс-шараға ауылымыздың қарт ата - әжелеріміз, ақсақалдар алқасы, мектеп қабырғасында қызмет етіп, зейнетке шыққан Кошанова Ақзауреш Болатқызы мен Макатова Б аян Ербатырқызы, денсаулығының сыр беруіне байланысты зейнетақы алатын ауыл тұрғындары қонақ ретінде шақырылды.  Мерекелік іс-шарада мектеп ұжымы және мектеп оқушыларымен арнайы ұйымдастырылған мерекелік концерт көрсетілді. Жас өрендер би билеп,  ән салып, өлең оқып өз өнерлерін көрермендердің көңілінен шығып отырды. Қонақтар шын ықыласпен қол ұрып, мәз-мейрам болысып қалды. Осы мерекеде өздерінің құттықтау сөздерін айтты.Мектебіміздің директорының міндет атқарушы Дюселекова Эльмира Токсанбаевна да сөз сөйлеп, қонақтарға жақсы тілектер жолдады. Содан соң іс-шарамыздың қонақтары мерекенің сән дастархан мәзіріне ұласты.
Бұл жан дүниенің жомарттығы мен азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Айтулы шараға жиылған қонақтар жылына бір келетін мерекедегі қамқорлыққа дән риза. Бүгінде мемлекетімізде зейнеткер қарттарға үлкен көңіл аударылып, қамқорлық жасалып келді.Мұндай мерекелік шараның берері, ел мүддесін бәрінен биік қоятын қарттардың орны қашанда төр екендігін кейінгі ұрпаққа ұғындыру. 

Просмотров: 407

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц10
  • За неделю1
  • Вчера0
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки