Меню KDT

  

Қарттарым – асыл қазынам.
Қарт адамдарды қолдау бойынша айлық аясындағы мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Қарттар күні – жарқын да, ізгі, ерекше мейрам. Бұл күні біз ата – анамызға, ата – әжелерімізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Мейрамды атап өту – қазіргі қоғамдағы аға буынның көптеген мәселелеріне, олардың кейбіреулеріне материалдық және моральдық қолдау көрсетуге назар аудартуға септігін тигізеді. Біздің елімізде, осы күнді атап өтудің ерекше дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын мектебімізде іс – шаралар өтуде. Сонымен қатар 22 қазанда Сарыадыр негізгі мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам!» атты айлық іс-шара өткізілді. Бұл іс – шараға ауыл тұрғындарының қарт аталары мен әжелері шақырылды. Мерекелік іс – шараға оқушылар ән айтып, би билеп қарттарымызға мерекелік көңіл- күй сыйлады.Сонымен қатар әжелер арасында сайыс өтті. Бұл сайыс негізінен 2 бөлімнен тұрды.

1. Әжелермен тақырып бойынша ой бөлісу.

2. Тақырып бойынша мақал – мәтел құру.

Қарт аталар арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Сайыс кезінде орын алған аталар мен әжелерге қошемет көрсетіліп, құттықтау тілектері айтылды. Қарт аталар мен әжелеремізге мерекелік дастархан жайылды.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

 
 

 
Новости    
 Сарыадыр негізгі мектебінде 7 мамыр күні  «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акция өткізілді.Бұл  акция ескерткіш алаңында  өтті. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балалар  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
       «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акциямызға Рузаев аграрлық техникалық колледжі мен Рузай орта мектебінен ұстаздары мен  оқушылары келіп,өз мерекелік бағдарламаларын таныстырып көптеген соғыс туралы ән айтып,өлең оқып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарамызға арнайы келген қонағымыз Рузаев аграрлық техникалық колледжінің директоры Мунько Сергей Василевич құттықтау сөз сөйледі.
  Рузай орта мектебінің директоры Когтева Лариса Владимировна да  құттықтау сөз сөйледі.Ауыл тұғындарымен қарт адамдары келіп өздерінің игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.Бұл акция жоспар бойынша ойдағыдай өткізіліп, ауыл тұрғындарының ризашылығына ие болды.

 

6-14 кыркүйек 2019 жылдың аралығындағы "Отбасым -бақыт мекенім" атты отбасы күні

 сынып Сарыадыр негізгі мектебінде Отбасын күнін мерекелеу шеңберінде 6-14 қыркүйек аралығында Отбасы -бақыт мекенім атты республикалық аптаны өткізу туралы іс-шара жоспары құрылды.Апталығының мақсаты-қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесін қорғау.Апталық барысында ата-ананың мектеппен тығыз байланыс орнату мақсатында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мектепте 1-9 сынып оқушылары арасында Отбасы-өмірдің айнасы атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.Тәрбие отбасынын басталады, болашақ қрпақтың елін, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасатынын әр ата-ана да , оқушы да өз сөздерімен еркін жеткізе білді. Тәрбие отбасынын басталатынын ескере отырып, оқушыларға отбасы туралы жан-жақты мағлұматтар берілді.Адам бойындағы мейірімділік, адамгершілік сезім ең алдымен туған бауырлары мен ата-анасына деген махаббаттан басталатыны оқушыларға түсіндіру үшін қанатты сөздерді талдап, бейнекөрсетілім көрсетілді.Беріліп отырған сұрақтарға  ата-аналар да, оқушылар да жүйелі түрде жеткізе білді.Оқушылар отбасы туралы өлеңдерін мәңерлеп айтып, отбасына деген мейірімін ояту үшін Ана , Әкешім әндерін орындады.
Әлеуметтік педагог Жангуттинова А.Ж. ата-ана мен бала жауапкершілігін арттыру мақсатында балалармен, ата-аналармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ата-аналарға кеңес берілді. 
1-4 сынып оқушылармен, ата-аналармен Тату отбасы атты отбасылық спорттық ойындар ұйымдастырылып, өткізілді. 
Мектепішілік іс-шаралар жоспарға сай өтті және оқушылар мен ата-аналардың ойыннан ойдағыдай өтті.

Просмотров: 413

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц11
  • За неделю0
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки