Меню KDT

  

Қарттарым – асыл қазынам.
Қарт адамдарды қолдау бойынша айлық аясындағы мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Қарттар күні – жарқын да, ізгі, ерекше мейрам. Бұл күні біз ата – анамызға, ата – әжелерімізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Мейрамды атап өту – қазіргі қоғамдағы аға буынның көптеген мәселелеріне, олардың кейбіреулеріне материалдық және моральдық қолдау көрсетуге назар аудартуға септігін тигізеді. Біздің елімізде, осы күнді атап өтудің ерекше дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын мектебімізде іс – шаралар өтуде. Сонымен қатар 22 қазанда Сарыадыр негізгі мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам!» атты айлық іс-шара өткізілді. Бұл іс – шараға ауыл тұрғындарының қарт аталары мен әжелері шақырылды. Мерекелік іс – шараға оқушылар ән айтып, би билеп қарттарымызға мерекелік көңіл- күй сыйлады.Сонымен қатар әжелер арасында сайыс өтті. Бұл сайыс негізінен 2 бөлімнен тұрды.

1. Әжелермен тақырып бойынша ой бөлісу.

2. Тақырып бойынша мақал – мәтел құру.

Қарт аталар арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Сайыс кезінде орын алған аталар мен әжелерге қошемет көрсетіліп, құттықтау тілектері айтылды. Қарт аталар мен әжелеремізге мерекелік дастархан жайылды.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

 
 

 
Новости    
 Сарыадыр негізгі мектебінде 7 мамыр күні  «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акция өткізілді.Бұл  акция ескерткіш алаңында  өтті. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балалар  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
       «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акциямызға Рузаев аграрлық техникалық колледжі мен Рузай орта мектебінен ұстаздары мен  оқушылары келіп,өз мерекелік бағдарламаларын таныстырып көптеген соғыс туралы ән айтып,өлең оқып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарамызға арнайы келген қонағымыз Рузаев аграрлық техникалық колледжінің директоры Мунько Сергей Василевич құттықтау сөз сөйледі.
  Рузай орта мектебінің директоры Когтева Лариса Владимировна да  құттықтау сөз сөйледі.Ауыл тұғындарымен қарт адамдары келіп өздерінің игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.Бұл акция жоспар бойынша ойдағыдай өткізіліп, ауыл тұрғындарының ризашылығына ие болды.

 

1 қыркүйек-Білім күні

Сарыадыр негізгі мектебінде 2019-2020 жаңа оқу жылының басталуына орай Саналы ұрпақ-жарқын болашақ атты алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 9-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақыруымен басталды. Мектеп директоры Дюселекова Эльмира Токсанбаевна өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру-ұстаздар алдыңдағы үлкен міндет екенін аттап көрсете отырып, мектеп табылдырығынан аттап отырған бүлдіршіндерді ,9- сынып оқушыларын және ата-аналарды құттықтады. Сондай-ақ біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге  Білім бөлімінен келген құрметті қонағымыз  Динара Өміржанқызына сөз берілді.
1 қыркүйек- Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын ауылымыздың басшысы, ел атасы, ел-ағасы Дюселеков Мақсұт Акошұлы, көптеген жылдар бойы еңбек еткен,  мектебімізге өз үлестерін қосқан, зейнеткерлікке шығып отырған  ұлағатты да, ардақты ұстаздырымыз Кошанова Ақзауреш Болатқызы мен Макатова Баян Ербатырқызы және  ата-аналар құттықтау сөздерін айтты. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. 1-сынып бүлдіршіндері тақпақтарын айтып, өз ата-аналарын және келген қонақтарды бір қуантты. Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары ән айтты, би биледі.Жиынымыздың ең бір ерекше сәтіне де жеткендейміз, ол- қоңырау соғу салтанатты. Бұл құрметке тұңғыш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1- сынып оқушысы Огузбаева Диляра мен 9-сынып оқушысы Толяшев Ораз ие болды.Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, алғашқы білім күні сабағына қатысты.

Просмотров: 502

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц7
  • За неделю1
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки