Меню KDT

  

Қарттарым – асыл қазынам.
Қарт адамдарды қолдау бойынша айлық аясындағы мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Қарттар күні – жарқын да, ізгі, ерекше мейрам. Бұл күні біз ата – анамызға, ата – әжелерімізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Мейрамды атап өту – қазіргі қоғамдағы аға буынның көптеген мәселелеріне, олардың кейбіреулеріне материалдық және моральдық қолдау көрсетуге назар аудартуға септігін тигізеді. Біздің елімізде, осы күнді атап өтудің ерекше дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын мектебімізде іс – шаралар өтуде. Сонымен қатар 22 қазанда Сарыадыр негізгі мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам!» атты айлық іс-шара өткізілді. Бұл іс – шараға ауыл тұрғындарының қарт аталары мен әжелері шақырылды. Мерекелік іс – шараға оқушылар ән айтып, би билеп қарттарымызға мерекелік көңіл- күй сыйлады.Сонымен қатар әжелер арасында сайыс өтті. Бұл сайыс негізінен 2 бөлімнен тұрды.

1. Әжелермен тақырып бойынша ой бөлісу.

2. Тақырып бойынша мақал – мәтел құру.

Қарт аталар арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Сайыс кезінде орын алған аталар мен әжелерге қошемет көрсетіліп, құттықтау тілектері айтылды. Қарт аталар мен әжелеремізге мерекелік дастархан жайылды.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

 
 

 
Новости    
 Сарыадыр негізгі мектебінде 7 мамыр күні  «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акция өткізілді.Бұл  акция ескерткіш алаңында  өтті. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балалар  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
       «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акциямызға Рузаев аграрлық техникалық колледжі мен Рузай орта мектебінен ұстаздары мен  оқушылары келіп,өз мерекелік бағдарламаларын таныстырып көптеген соғыс туралы ән айтып,өлең оқып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарамызға арнайы келген қонағымыз Рузаев аграрлық техникалық колледжінің директоры Мунько Сергей Василевич құттықтау сөз сөйледі.
  Рузай орта мектебінің директоры Когтева Лариса Владимировна да  құттықтау сөз сөйледі.Ауыл тұғындарымен қарт адамдары келіп өздерінің игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.Бұл акция жоспар бойынша ойдағыдай өткізіліп, ауыл тұрғындарының ризашылығына ие болды.

 

9 мамыр

Ұлы отан Соғысының 72 жылдық тойын мерекелеу аясында "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!" деген тақырыпта біздің мектебімізде 2017 жылдың 09 мамырында мереклеік іс - шара өткізілді. Мерекелік іс - шара алдын - ала жоспарланды Хабарландыру ілініп , тыл ардагерлеріне, аулдың үлкен сыйлы қарияларына арнайы шақыру қағазы таратылды. Ұлы Отан соғысынан қайтпаған боздақтарды еске алу рәсімімен іс - шара ашылды, ескерткіштерге мектеп түлектері гүл шоғын қойды. Бастапқы сөз кезегі мектеп директоры Кошанова Ақзауреш Болатқызына берілді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Еликпаева Данагүл Даулыбайқызы және аға тәлімгер Бегалин Ренат Кенжеболатұлының басшылығымен ұйымдастырылып, өткізілген мерекелік концертті мектеп оқушылары өздерінің патриоттық ән - жырларымен, монтаждарымен, сахналық көріністерімен, әдемі де,  тартымды билерімен жандандырып, әсерлей түсті. олардың бейнелерін бастарына киген көк пилотка және кеуделеріне таққан төс белгілері ажарларын аша түсті. Әр бір қойылған, орындалған номерге қонақтарға тәнті болып, шапалақтап, мадақ сөздерін шын ниеттерімен айтып отырды. Мерекеге әр берген сәт ол - ардагерлердің, соғыстан қайтпай қалған азаматтардың, ұрпақтарының арнайы келуі болды. Оларда мектеп әкімшілігін, ауыл тұрғындарын Ұлы Жеңістің 72 - жылдығымен құттықтап, рухатрына дұға бағыштады. Мерекелік іс - шара жоғары деңгейде, ойдағыдай өтті. 

Просмотров: 721

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц12
  • За неделю0
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки