Меню KDT

  

Қарттарым – асыл қазынам.
Қарт адамдарды қолдау бойынша айлық аясындағы мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Қарттар күні – жарқын да, ізгі, ерекше мейрам. Бұл күні біз ата – анамызға, ата – әжелерімізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Мейрамды атап өту – қазіргі қоғамдағы аға буынның көптеген мәселелеріне, олардың кейбіреулеріне материалдық және моральдық қолдау көрсетуге назар аудартуға септігін тигізеді. Біздің елімізде, осы күнді атап өтудің ерекше дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын мектебімізде іс – шаралар өтуде. Сонымен қатар 22 қазанда Сарыадыр негізгі мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам!» атты айлық іс-шара өткізілді. Бұл іс – шараға ауыл тұрғындарының қарт аталары мен әжелері шақырылды. Мерекелік іс – шараға оқушылар ән айтып, би билеп қарттарымызға мерекелік көңіл- күй сыйлады.Сонымен қатар әжелер арасында сайыс өтті. Бұл сайыс негізінен 2 бөлімнен тұрды.

1. Әжелермен тақырып бойынша ой бөлісу.

2. Тақырып бойынша мақал – мәтел құру.

Қарт аталар арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Сайыс кезінде орын алған аталар мен әжелерге қошемет көрсетіліп, құттықтау тілектері айтылды. Қарт аталар мен әжелеремізге мерекелік дастархан жайылды.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

 
 

 
Новости    
 Сарыадыр негізгі мектебінде 7 мамыр күні  «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акция өткізілді.Бұл  акция ескерткіш алаңында  өтті. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балалар  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
       «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акциямызға Рузаев аграрлық техникалық колледжі мен Рузай орта мектебінен ұстаздары мен  оқушылары келіп,өз мерекелік бағдарламаларын таныстырып көптеген соғыс туралы ән айтып,өлең оқып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарамызға арнайы келген қонағымыз Рузаев аграрлық техникалық колледжінің директоры Мунько Сергей Василевич құттықтау сөз сөйледі.
  Рузай орта мектебінің директоры Когтева Лариса Владимировна да  құттықтау сөз сөйледі.Ауыл тұғындарымен қарт адамдары келіп өздерінің игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.Бұл акция жоспар бойынша ойдағыдай өткізіліп, ауыл тұрғындарының ризашылығына ие болды.

 

1 мамыр Бірлік күні

2017 жылдың 27 сәуірінде Сарыадыр  негізгі мектебінде "Достық әнін шырқайық" деген атаумен 1 мамыр "Бірлік күніне" арналған мерекелік іс - шара өткізілді. Мерекелік іс - шара алдын - ала жоспарланып, сынып жетекшілеріне атқарылатын жұмыстары жүктелді. Осы орайда әр бір сынып жеке - жеке ұлт өкілдеріне бөлінді. 1-3 сынып оқушылары - қазақ халқын, 4 сынып - қырғыз халқын, 5-6 сынып - үнді халқын, 7-8 сынып - орыс халқын, 9 сынып оқушылары - өзбек халқын сомдады. Әр сынып таңдап алған ұлттың ұлттық киімін киіп, салт - дәстүрін көрсетіп, ұлттық өнерін (би, ән, өлең шумақтарын) дәстүрлі ұлттық ас мәзірін де көрсетті. Іс - шара барысында оқушылар қызығушылықпенен қатысып, белсенділік танытып, мерекені жандандыра түсті. Мерекеге қонақ ретінде келген ауыл тұрғындары ойластырылған іс - шараға риза болып, шын жүректен жылы лебіздерін білдіріп, рахметтерін айтты. Іс - шара ойдағыдай жақсы нәтиже беріп, соңында жайылған мерекелік дастарханымызға қонақтар мен оқушылар, мектеп ұжымы дәмнен ауыз тиді. 

Просмотров: 619

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц12
  • За неделю0
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки