Меню KDT

  

Қарттарым – асыл қазынам.
Қарт адамдарды қолдау бойынша айлық аясындағы мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Қарттар күні – жарқын да, ізгі, ерекше мейрам. Бұл күні біз ата – анамызға, ата – әжелерімізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Мейрамды атап өту – қазіргі қоғамдағы аға буынның көптеген мәселелеріне, олардың кейбіреулеріне материалдық және моральдық қолдау көрсетуге назар аудартуға септігін тигізеді. Біздің елімізде, осы күнді атап өтудің ерекше дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын мектебімізде іс – шаралар өтуде. Сонымен қатар 22 қазанда Сарыадыр негізгі мектебінде «Қарттарым – асыл қазынам!» атты айлық іс-шара өткізілді. Бұл іс – шараға ауыл тұрғындарының қарт аталары мен әжелері шақырылды. Мерекелік іс – шараға оқушылар ән айтып, би билеп қарттарымызға мерекелік көңіл- күй сыйлады.Сонымен қатар әжелер арасында сайыс өтті. Бұл сайыс негізінен 2 бөлімнен тұрды.

1. Әжелермен тақырып бойынша ой бөлісу.

2. Тақырып бойынша мақал – мәтел құру.

Қарт аталар арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Сайыс кезінде орын алған аталар мен әжелерге қошемет көрсетіліп, құттықтау тілектері айтылды. Қарт аталар мен әжелеремізге мерекелік дастархан жайылды.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

 
 

 
Новости    
 Сарыадыр негізгі мектебінде 7 мамыр күні  «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акция өткізілді.Бұл  акция ескерткіш алаңында  өтті. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балалар  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
       «Бірде-бір ұмытылмаған-Ешнәрсе-ұмытылмаған!» атты акциямызға Рузаев аграрлық техникалық колледжі мен Рузай орта мектебінен ұстаздары мен  оқушылары келіп,өз мерекелік бағдарламаларын таныстырып көптеген соғыс туралы ән айтып,өлең оқып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарамызға арнайы келген қонағымыз Рузаев аграрлық техникалық колледжінің директоры Мунько Сергей Василевич құттықтау сөз сөйледі.
  Рузай орта мектебінің директоры Когтева Лариса Владимировна да  құттықтау сөз сөйледі.Ауыл тұғындарымен қарт адамдары келіп өздерінің игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.Бұл акция жоспар бойынша ойдағыдай өткізіліп, ауыл тұрғындарының ризашылығына ие болды.

 

Төрлет Жаңа Жыл

2016 жылдың 29 желтоқсанында Сарыадыр негізгі мектебінде "Төрлет Жаңа жыл" атты мерекелік іс - шара өткізілді. Іс - шараға шағын орталық балалары Аяз Атаға және Ақшақарға өздерінің өлең- тақпақтарын айтты. Бастауыш сынып оқушылары ертегілер әлімінде қонақта болды, маймыл мен қораз өзінің жасақтарымен Қар қаншасынан, Аяз ата мен Ақшақарды құтқарып, сиқырлы кілттерді табуға көмектесті. Ертеңгілікте ертегі кейіпкері Алдар Көсе де қалыс қалған жоқ. Ол өзінің арнайы дайындап әкелген тапсырмаларын қонақтарға ұсынды, ойын ойнатты, әзіл - шыны аралас өлең шумақтарын құратты. Сонымен қатар балалардың ең жақсы көріп тамашалайтын көгілдір экран төрінің мульт кейіпкерлері "Мики және Минни Маус" болды. Көңілді әжейлер жалынды билерімен барлығының көңілдерін көтерді. (5-6 сынып ұлдары). Ертеңгілікте ешкімде қалыс қалған жоқ. Ата - аналар белсенділік танытып ламбада биін және қазіргі заманауи флеш-моб билерін билеп, жаңа жылдық кештің сәнін кіргізіп, жандандыра түсті. Аяз ата және Ақшақармен бірге Жаңа жылдық билер, әндер балаларға және ата - аналарына көңілді күй сыйлады. Жаңа жылдық кештің соңында лотареялық билеттер ойнатылып, Аяз ата балаларға сыйлықтар мен тәттілер сыйлады. 

Просмотров: 869

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц12
  • За неделю0
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки