Меню KDT

Жаңалықтар
 

Тарих пәнінен ашық сабақ

"1941 жылы Мәскеу түбіндегі генерал - майор И.В. Панфиловтың колбасшылығымен 316 атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің 75 жылдық" - мерейтойын мерекелеу мақсатында Сарыадыр негізгі мектебінде 9 сынып оқушыларының қатысуымен тарих пәнінен ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын пән мұғалімі Тюлегенов Азамат Муратович өткізді. Сабақта "28 жауынгер - панфиловшылар" туралы арнайы алдын - ала дайындалған слайд жұмыстары көрсетілді. 5-9 сыныптар арасында іс - шараны әрі қарай жалғастыру мақсатында патриоттық әндер де шырқалды. Іс - шара дене шынықтыру сабағында Акентаев Ербол Ашимовичтің басшылығымен өткізілген спорттық ойындар мен жалғасты. Спорттық ойындарда 5-6 сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Бұдан басқа да тәрбие ісінің меңгерушісі Еликпаева Данагуль Даулыбаевна "28 жауынгер - панфиловшылардың" қайтпас қайсар ерлігі туралы доклад оқыды. Іс - шарада мектеп директоры Кошанова Акзауреш Болатовна, мектебіміздің аға буын ұстазы Макатова Баян Ербатыровна сөз сөйледі. Олар оөдерінің сөздерінде оқушыларды басқаның ерлігін, еңбегін бағалап, сыйлап, жадтарынан шығармауларын айтып өтті.  Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Тасмаганбетова Асель Тлеугабыловна 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен сурет сайысын ұйымдастырды. 
Іс - шара ойдағыдай, өз дәрежесінде өтті. 


Просмотров: 988

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

Статистика

  • Осы айда5
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки